Todayinfo.kz
ОбществоСмотреть все материалы

Самара жақтан жектен: БҚО аспанында оншақты дрон ұшып жүр

Әлеуметтік желіде тараған ақпараттан кейін Қорғаныс министрлігі жағдай бақылауда екенін мәлімдеді

Автор Айдар Керім··1 мин чтения
Самара жақтан жектен: БҚО аспанында оншақты дрон ұшып жүр
📷 uralskweek

Әлеуметтік желі қолданушылары Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» шекаралық бекетінің маңында екінші түн қатарынан белгісіз дрондардың ұшып жүргенін айтуда, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Бұл туралы Threads желісінде Uralsk_week_media парақшасы жазды.

Куәгерлердің айтуынша, дрондар Самара облысы жағынан ұшып келген.

«Он шақты дрон болды. Олар өткізу пункті мен шекара бекетінің үстінде айналып жүрді. Мұндай жағдайды алғаш рет көріп отырған жоқпыз. Бағытынан жаңылған украин дрондарына ұқсамайды. Тіпті біздің шекарашылар да олардың кімге тиесілі екенін және не мақсатпен ұшып жүргенін білмейді», – деді куәгерлердің бірі.

Ал «Уральск 404» Telegram-арнасының мәліметінше, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанның әуе кеңістігі бұзылмағанын мәлімдеген.

«Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында», – делінген хабарламада.

Похожие материалы