«Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамы өте үлкен жылдамдықпен рухани дағдарысқа ұшырап барады. Күн сайын еліміздің әр түкпірінде бір отбасы бұзылып, бір оқушы зәбір көріп, бір адам кісі қолынан қаза тауып, біреу пара алып, біреу өзіне қол жұмсап, біреу алаяққа жем болып жатады. Мұндай мысалдар таусылмайды. Бүгінгі қазақ қоғамы туғанға тасбауыр, жақынға жау, досына дұшпан болып кетті», – деді Ринат Зайытов.Оның айтуынша, материалдық байлықтың бірінші орынға шығуы, тәрбиенің әлсіреуі, әлеуметтік желідегі араздық, жеткіншектерге үлгі болатын тұлғалардың құбыжыққа айналуы – қоғамдағы қатыгездіктің басты себептерінің бірі. "Сақтайықшы бірімізді біріміз" Сөзінің соңында депутат халықты бірлікке шақырып, арнайы өлеңін оқыды: "Болсақ дағы қанша жерден ірі біз Бәріміз де жаратқанның құлымыз. Мемлекеттің шын ойласақ ертеңін Таптамайық бірімізді біріміз Даттамайық бірімізді біріміз." "Қанша батпан болса дағы мұңымыз Бәрі өтпелі екендігін біліңіз. Жалтыраған бұйымы үшін жалғанның Таламайық бірімізді біріміз Сабамайық бірімізді біріміз Қанамайық бірімізді біріміз." "Бәрі ортақ: жер мен аспан, күніміз. Ауылымыз, дәстүріміз, тіліміз. Келешегі болу үшін солардың Атпайықшы бірімізді біріміз Сатпайықшы бірімізді біріміз. Сақтайықшы бірімізді біріміз!"
«Сақтайықшы бірімізді біріміз»: Мәжілісте Ринат Зайытов халыққа өлең арнады
Бүгін Мәжілісте президенттің саяси реформалары қаралған отырыста депутат Ринат Зайытов халыққа арнап өлең оқып берді, деп хабарлайды Todayinfo. Депутат өз сөзінде елдің 30 жылда жеткен жетістіктерін емес, керісінше, қоғамда орын алған кемшіліктерді тілге тиек етті. «Өкінішк

Бүгін Мәжілісте президенттің саяси реформалары қаралған отырыста депутат Ринат Зайытов халыққа арнап өлең оқып берді, деп хабарлайды Todayinfo.
Депутат өз сөзінде елдің 30 жылда жеткен жетістіктерін емес, керісінше, қоғамда орын алған кемшіліктерді тілге тиек етті.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·