– Табылған жәдігерлер қатарында металдан, шыныдан және сүйектен жасалған тұрмыстық әрі сәндік бұйымдар, қыш ыдыстар бар. Соның ішінде ең ерекше жәдігер – XIV–XV ғасырларға тиесілі, Алтын Орда қалашықтарында бұрын кездеспеген қоладан жасалған құлып, – деді Айбек Тұрарұлы.Қазір бұл аумақ толық цифрландырылуда. Әр қазба орнының алдына QR-кодтар орнатылған. Туристер мобильді телефон арқылы кодты сканерлеп, тарихи нысандар туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар Сарайшықта Қасым ханға арналған ескерткіш салу жоспарланып отыр. ⠀ Тарихи орынға келетін туристер саны жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, екі жыл бұрын мұнда 18 мың адам келсе, былтыр олардың саны 28 мыңға жеткен.
Сарайшықтан Алтын Орда дәуіріне тиесілі жәдігерлер табылды ⠀
Атырау облысындағы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының мамандары биыл ортағасырлық Сарайшық кешеніне қарасты бес қалашық орнынан 250-ге жуық жәдігер тапты. Сонымен қатар XIV ғасырдың алғашқы кезеңіне жататын тұрғын үйлердің, цитадельдің және керуенсарайдың бөлікт

Атырау облысындағы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының мамандары биыл ортағасырлық Сарайшық кешеніне қарасты бес қалашық орнынан 250-ге жуық жәдігер тапты. Сонымен қатар XIV ғасырдың алғашқы кезеңіне жататын тұрғын үйлердің, цитадельдің және керуенсарайдың бөліктері анықталды. Табылған жәдігерлер Алтын Орда дәуіріне тиесілі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
⠀
Археологиялық зерттеулермен қатар көне қала аумағында қайта қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілуде. Жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, келушілерге қолайлы жағдай жасалған. Қазба орындары реставрацияланып, ежелгі Сарайшықтың тарихи келбетін жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
⠀
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы, археолог Айбек Тұрарұлының айтуынша, былтыр Сарайшық аумағында бес жерде қазба жұмыстары жүргізіліп, 150-ден астам жәдігер табылған.
Похожие материалы

Атырауская область
Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті
Жаннұр Еділбаева·

Атырауская область
Атырауда ауқымды «ШеберFEST - 2026» атты Халықаралық фестиваль өтеді
Todayinfo редакциясы·

Атырауская область
День Победы в Атырау: Венки возложили к Вечному огню
Todayinfo редакциясы·

Атырауская область
Кенжебаю Маденову присвоено звание "Халық қаһарманы": торжественная встреча в Атырау
Todayinfo редакциясы·