Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Секен Тұрысбеков облыс әкімімен кездесті: Наурызға үлкен концерт дайындалуда

Абай облысының әкімі Берік Уәли Халық әртісі Секен Тұрысбековпен кездесіп, өңірдегі ұлттық өнерді дамыту жоспарын талқылады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Секен Тұрысбеков облыс әкімімен кездесті: Наурызға үлкен концерт дайындалуда

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қазақстанның Халық әртісі, белгілі күйші Секен Тұрысбековпен кездесіп, өңірдегі ұлттық өнерді дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Кездесуде негізгі назар Семейдегі Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның қызметін жандандыруға аударылды. Тараптар өнер ұжымдарының шығармашылығын шыңдау, гастрольдік сапарларын ұйымдастыру және алдағы мәдени іс-шаралардың жоспарын бекіту жайын сөз етті.

Секен Тұрысбеков филармония директоры ретінде өнер ұжымының Наурыз мерекесіне ерекше дайындалып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Наурызнама онкүндігі аясында үлкен мерекелік кеш ұйымдастырылады.

"Ұлыстың ұлы күніне орай 16 наурызда «Көктемім менің, көктемім» атты мерекелік концерт өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне арналады. Кеште филармония өнерпаздарымен қатар ҚР мәдениет саласының үздігі Бибігүл Қилымхан да өнер көрсетеді", - деді күйші.

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония – тек Абай облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы. 80 жылдық тарихы бар өнер ордасы талай таланттың тұғырын биіктеткен. Бүгінде филармония құрамында «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрі, эстрадалық-симфониялық оркестр, «Дала үні» акапелла тобы сияқты бірнеше кәсіби ұжым жұмыс істейді.

Аймақ басшысы Берік Уәли өңірдің мәдени өмірін дамытуға баса мән берілетінін және кездесуде айтылған барлық ұсыныстың назарға алынатынын айтты.

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Похожие материалы

Секен Тұрысбеков облыс әкімімен кездесті: Наурызға үлкен концерт дайындалуда · Todayinfo