Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Семей-Нұрлы Жол вагоны сынға қалды: «Бөлуге болатын ең ескі вагон осы»

Семей-Нұрлы Жол пойызындағы әйелдерге арналған вагонның жағдайы сынға қалды. Жолаушылар вагонның ескі әрі лас екенін айтып шағымданды.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Семей-Нұрлы Жол вагоны сынға қалды: «Бөлуге болатын ең ескі вагон осы»

Семей қаласының тұрғыны «Семей – Нұрлы жол» бағытында қатынайтын пойыздың әйелдерге арналған вагонының жағдайына шағымданды. Оның айтуынша, 10 наурызда танысын шығарып салуға барғанда вагонның ішінде жағымсыз иіс барын және әбден тозығы жеткенін байқаған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Жолаушы бұл туралы әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшіліктің назарын аудартты. Оның айтуынша, мұндай арнайы вагондар әйелдер үшін таза әрі жайлы болуы керек.

"Семей – Нұрлы жол пойызындағы әйелдер вагонымен кететін танысымды шығарып салдым. Өкінішке қарай, вагонның ішінде жағымсыз иіс бар, өзі де жаңа емес. Осындай вагондар таза әрі жайлы болса екен", - деп жазды ол.

Бұл жазба қысқа уақыт ішінде 300 мыңға жуық қаралым жинап, пікір білдірген қолданушылар да мұндай жағдаймен жиі кездесетінін жеткізді. Олардың бірі вагонның тазалығы мен жайлылығына қатысты өз тәжірибесімен бөлісті.

"Мен де осы вагонда бір-ақ рет отырдым, сол соңғысы болды. Бөлуге болатын ең ескі вагонды таңдап, әдейі бөлген сияқты", - деді желі қолданушысы.

Пікір қалдырушылардың көбі вагонның ластығы мен жайсыздығына шағымданған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Семей-Нұрлы Жол вагоны сынға қалды: «Бөлуге болатын ең ескі вагон осы» · Todayinfo