Қаржылық мониторинг агенттігі танымал блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды.
Қайсар Қамза көбінесе шетелде жүріп, «ерекше» контент түсіріп, танылған.
Блогердің Instagram әлеуметтік желісінде 2,4 миллион оқырманы бар. Ол бұған дейін де құқық қорғау органдарының назарына іліккен еді. Былтыр оған заңсыз онлайн ұтыс ойындарын өткізгені үшін 1 179 600 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Фото: qamqor.gov.kz



