ШҚО-да 30 тұрғыннан қос азаматтық анықталды
Шығыс Қазақстан облысында 30 адам қос азаматтықпен жүрген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Жыл басынан бері rөші-қон қызметінің қызметкерлері ШҚО аумағында тұратын қос азаматтығы бар адамдарды анықтау барысында қос азаматтығы бар 30 шетелдікті анықтап, олардың 8-ін Қазақстан аум

Шығыс Қазақстан облысында 30 адам қос азаматтықпен жүрген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жыл басынан бері rөші-қон қызметінің қызметкерлері ШҚО аумағында тұратын қос азаматтығы бар адамдарды анықтау барысында қос азаматтығы бар 30 шетелдікті анықтап, олардың 8-ін Қазақстан аумағынан шығарды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, көп жағдайда шетел азаматтары ҚР азаматының құжатын заңды білмегендіктен сақтап қалады. Мысалы Шемонаиха ауданының 19 жастағы тұрғыны биылғы ақпанда Ресей азаматтығын алған. Жас жігіт бұ туралы қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарлау қажет екенін білмеген. Құқықбұзушыға қатысты тиісті бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кейінірек бұл материал аудандық сотта қаралып, оның қаулысымен шетелдікті Қазақстан Республикасынан шығару туралы шешім қабылданды.
ПД басқа елдің азаматтығын қабылдаған кезде 30 күн мерзім ішінде ішкі істер органдарына немесе шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне хабарлау арқылы Қазақстан азаматтығынан шығуы туралы мәлімдеуі, сондай-ақ ҚР паспорты мен жеке куәлігін тапсыруы қажет екенін ескертеді.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·