Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

ШҚО-да жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің сау тамтығы қалмады (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жарылғыш зат тиелген жүк көлігі жарылып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Нақты айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Өскемен-Самара тасжолында жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің са

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
ШҚО-да жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің сау тамтығы қалмады (ВИДЕО)
Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жарылғыш зат тиелген жүк көлігі жарылып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап. Нақты айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Өскемен-Самара тасжолында жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің сау тамтығы қалмаған. Төтенше жағдай облыс орталығынан 75 шақырым жерде болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, «Вольво» жүк көлігі Самара облысында тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жарылғыш заттарды тасымалдаған. Жарылыс салдарынан салондағы жүргізуші мен жолаушы қаза тапты.
- Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс жолда кратер жасап, өтіп бара жатқан бірнеше көлікті зақымдаған. Кейбір мәліметке қарағанда, жарылғыш заты бар жүк көлігі Industrial Explosivers ЖШС-не тиесілі көрінеді.  

Похожие материалы

ШҚО-да жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің сау тамтығы қалмады (ВИДЕО) · Todayinfo