Todayinfo.kz
Восточно-Казахстанская

Шығыс шақырады: жастарды жұмыспен қамту жоспарының жүзеге асуы

Жыл сайын 2000- ға жуық адам Шығыс Қазақстан облысынан көшіп кетеді. Шығыс Қазақстан облысында 30 - қаңтарда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  2026 жылға арналған жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың жоспарлары мен болжамдары

Автор Әмірболат Құсайынұлы··2 мин чтения
Шығыс шақырады: жастарды жұмыспен қамту жоспарының жүзеге асуы
Жыл сайын 2000- ға жуық адам Шығыс Қазақстан облысынан көшіп кетеді. Шығыс Қазақстан облысында 30 - қаңтарда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  2026 жылға арналған жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың жоспарлары мен болжамдары таныстырылды. Аталған жиынан бері бірнеше ай өтті. Todayinfo.kz ақпараттық порталы жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шығыста жасалып жатқан жұмыстар жайлы жазып шықты.  Шығыс Қазақстан облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәуле Зарлықтың айтуы бойынша, өңірде жыл сайын Өңірлік жұмыспен қамту картасы жүзеге асырылады. Бұл құжат жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында және жаңа жұмыс орындарын ашуға серпіліс беретіндігін айта кетті. 2026 жылы 17 440 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, оның ішінде 13 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындары болмақ. Жұмыс орындары жеке бастамалар мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту, инфрақұрылымдық және инновациялық жобаларды іске асыру жоспарланып отырғандығы айтылды. 2025 жылдың нәтижелеріне сүйенсек облыста 28 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш республика бойынша орташа деңгейге сәйкес келеді. Халықпен практикалық жұмыс туралы ШҚО Еңбек мобильдігі орталығының директоры Арайлым Есімбекова баяндады. Бүгінде облыста 13 мансап орталығы жұмыс істейді.  2025 жылы олардың көмегімен 10 547 адам жұмысқа орналастырылды. Субсидияланатын жұмыс орындары да сұранысқа ие құралдардың бірі болып қала береді. Өңірде «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Күміс жас» жобалары табысты жүзеге асырылуда. Өткен жылы бұл бағдарламаларға 5 604 адам қатысып, уақытша жұмыспен қамтылып, кейін еңбек нарығында тұрақты жұмыс табуына мүмкіндік алды. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға да ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы әлеуметтік осал санаттағы облыс тұрғындарына жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 258 грант берілді. Бұл тек жаңа жұмыс орындарын ашуға ғана емес, өңірде шағын бизнестің дамуына да ықпал етті. Сонымен қатар өңірге еңбек ресурстарын тартуға бағытталған «Шығыс шақырады» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда.  Биыл 8 301 адамды бос жұмыс орындарына орналастыру, 3205 субсидияланатын жұмыс орнын құру, 440 жұмыссыз азаматты оқыту және кәсіпкерлікті дамытуға 300 грант беру жоспарланып отыр.

Похожие материалы