Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Шымкентте 4 адамның өлімі: дәріхана жанындағы кабинеттер жаппай жабылып жатыр

Шымкентте дәріхана жанындағы кабинеттерде 4 адам қайтыс болған соң жаппай тексеріс басталды. 12 мекеме жабылып, ондаған заңбұзушылық анықталды.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Шымкентте 4 адамның өлімі: дәріхана жанындағы кабинеттер жаппай жабылып жатыр

Шымкентте дәріхана жанындағы процедуралық кабинеттерге медициналық көмек сұрап барған төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиғалар өткен жылы қаланың әртүрлі дәріханаларына қарасты кабинеттерде тіркелген. Мәліметтер бойынша, азаматтар денсаулығы сыр берген соң осы орындарға жүгінген. Алайда оларға жасалған медициналық процедуралардан кейін жағдайлары кенеттен нашарлап, жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

Осы жағдайлардан соң Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жоспардан тыс 13 тексеріс жүргізді.

Нәтижесінде өрескел заңбұзушылықтарға жол берген 12 процедуралық кабинеттің қызметі тоқтатылды. Оларға қатысты 14 әкімшілік хаттама толтырылып, жиналған іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Тексеріс кезінде дәріханаларда 25 психотроптық препаратты заңсыз сату фактісі де анықталды. Бұған қоса, тұрғындардың шағымдары негізінде 34 стоматологиялық мекеме тексеріліп, оларға жалпы сомасы 41 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Фото: istockphoto.com

Похожие материалы

Шымкентте 4 адамның өлімі: дәріхана жанындағы кабинеттер жаппай жабылып жатыр · Todayinfo