Шымкентте 7 жастағы баланың өлімінен кейін аудан әкімі қызметінен босатылды
Фото: Ақорда Қайғылы оқиға Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында болды. Кешкісін далаға ойнауға шыққан бірінші сынып оқушысы Айдын Сәуірбай үйіне қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстары барысында жеткіншектің денесі іші суға тола шұңқырдан табылды. — Қызметтік тексеру қорытындыс

Фото: Ақорда
Қайғылы оқиға Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданында болды. Кешкісін далаға ойнауға шыққан бірінші сынып оқушысы Айдын Сәуірбай үйіне қайта оралмаған.
Іздестіру жұмыстары барысында жеткіншектің денесі іші суға тола шұңқырдан табылды.
— Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша қала әкімі кадрлық шешімдер қабылдады. Аудан басшысы қызметінен босатылды. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына қатаң сөгіс берілді, осы саланы қадағалайтын қала әкімінің орынбасарына сөгіс жарияланды, - деп хабарлады қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбек.
Кәріз құбырын жөндеу үшін қазылған шұңқыр былтырдан бері ашық күйінде жатқан. Жұмыс барысында салғырттыққа жол берген мердігер мекемелер де жауапкершілікке тартылатын болады.
Айта кетейік, кеше Шымкентте шұңқырдан 7 жастағы баланың денесі табылғанын.
Похожие материалы

Новости
Алматыда дүкен қызметкерімен жанжалдасқан әйелге айыппұл салынды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Курьер болып табыс табатын аналарға төлем тоқтатылмайды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Шымкентте жер үй отқа оранып, 8 баланың анасынан айырылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Жеті елдің жастары Балқашта өткен Халықаралық еріктілер форумында бас қосты
Жаннұр Еділбаева·