"Спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары ҚР ӘҚБтК-нің 234-1-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 369 200 теңге көлемінде айыппұл төленді және жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – делінген прокуратура хабарламасында.
Шымкентте спорт және мәдениет басқармаларының экс-басшылары жауапқа тартылды
Спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары жауапқа тартылды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі. Толығырақ айтқанда, Шымкент қаласының прокуратурасы спорт және мәдениет басқармасында DamuBala бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау кезінде кәсіпкерлерге

Спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары жауапқа тартылды, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.
Толығырақ айтқанда, Шымкент қаласының прокуратурасы спорт және мәдениет басқармасында DamuBala бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау кезінде кәсіпкерлерге кедергі келтірілгенін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатыстыра алмау фактілерін анықтады.
Прокурорлық қадағалау актісімен бұзушылықтар жойылып, 111 кәсіпкер мен 1 инвестор 2023 жылғы тамыздан бастап damubala.kz платформасында бұрын кезекте тұрған 4 276 кәмелетке толмаған балаға қызмет көрсете бастады.
Сонымен қатар сәуірден бастап 125 кәсіпкерге қызмет көрсету үшін шығармашылық үйірмелерге қатысуға damubala.kz платформасына 5 мың баланы (ваучерлерді) кезекке қоюға мүмкіндік берілді.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·