Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студент өлі табылды
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды, деп хабарлайды Todayinfo. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады. Екі жігіттің мәйіті 17 қыркүйекте таңертең табылған. Өлімнің себебі әзірге белгісіз. Әлеуметтік желідегі деректерге сүйен

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды, деп хабарлайды Todayinfo.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады. Екі жігіттің мәйіті 17 қыркүйекте таңертең табылған. Өлімнің себебі әзірге белгісіз.
Әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, Үндістаннан келген 21 және 22 жастағы екі жігіт Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курс студенттері болған. Олардың мәйіттері аталмыш университеттің басқа да студенттері тұратын пәтерден табылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шетелдіктердің өлімінің себебі әлі белгісіз, нақты ақпарат тек сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін ғана жарияланады.
Газ қызметкерлерінің айтуынша, пәтерден газ иісі анықталмаған. Ал студенттердің мәйіттері пәтердің жатын бөлмесі мен дәлізінен табылды.
Похожие материалы

Главное
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Главное
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Главное
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Главное
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·