"Сіңірі жыртылып кеткен": Сәкен Бибосынов Азия біріншілігінде рингке шығардың алдында жарақат алған
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Азия чемпионатында алған ауыр жарақаты туралы мәлімдеді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды. Сәкен Бибосыновтың айтуынша, жарақат жарысқа бес минут қалғанда орын алған. Боксшы ауырсын

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Азия чемпионатында алған ауыр жарақаты туралы мәлімдеді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәкен Бибосыновтың айтуынша, жарақат жарысқа бес минут қалғанда орын алған. Боксшы ауырсынуды басатын жақпа майдың көмегімен рингке шыққанымен, өз деңгейінде өнер көрсете алмады. Қазақстанға оралғаннан кейін тексеріс барысында оның аяғының екі жеріндегі сіңірі жыртылғаны анықталған.
"Азия чемпионатында рингке шығардың алдында жарақат алдым. Шегінуге жол жоқ болғандықтан, жарақатпен ойнауға тура келді. МРТ нәтижесі бойынша аяғымның сіңірлері зақымданғаны белгілі болды. Дәрігерлер аяғыма операция жасады. Енді бір немесе бір жарым ай ішінде жаттығуды қайта бастаймын", – деді спортшы.
жарақатТокио ОлимпиадасыАзия чемпионатықазақстандық боксшыспорт жаңалықтарысіңір жыртылуыСәкен Бибосынов
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·