Нұрлыбек Нәлібаев ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 2005 жылдан бастап Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған. 2013 жылы қала әкімі болып тағайындалса, 2022 жылдың сәуірінен бері Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарып келді.