Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

СҚО-да 100-ден астам ауылды су басуы мүмкін: министрлік дабыл қақты

Солтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам елді мекенге су басу қаупі төнді. Су ресурстары министрлігі тағы үш облысқа ескерту жасады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
СҚО-да 100-ден астам ауылды су басуы мүмкін: министрлік дабыл қақты

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына байланысты жүзден астам елді мекенге қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, 38 ауыл өзен жағасына жақын орналасқандықтан, су деңгейі көтерілсе, қауіпті аймақта қалады. Олардың ішінде 12 елді мекен үшін жағдай аса күрделі болуы мүмкін екені айтылды.

Бұдан бөлек, тағы 62 ауыл еріген қар суы ағатын ойпаң жерде орналасқан. Бұл да су басу қаупін едәуір арттырып отыр.

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров жағдайдың басқа да өңірлерде күрделі екенін ескертті.

"Солтүстік Қазақстанмен қатар Ақмола, Шығыс Қазақстан және ішінара Қарағанды облыстарында да су тасқыны қаупі жоғары", - деді вице-министр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

СҚО-да 100-ден астам ауылды су басуы мүмкін: министрлік дабыл қақты · Todayinfo