Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

СҚО-дағы жол апатында жеңіл көлік ішіндегі екі адам тірідей жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында Toyota Camry жүргізушісі қарсы бетке шығып, жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан көлік өртеніп, екі адам қаза тапты.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
СҚО-дағы жол апатында жеңіл көлік ішіндегі екі адам тірідей жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам тірідей жанып кетті. Жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқаннан кейін екі көлік те лезде отқа оранған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 7 ақпанда сағат 15:10 шамасында «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» тасжолының 927-шақырымында, Қызылжар ауданының Карлуга ауылы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry көлігінің 55 жастағы жүргізушісі Петропавлдан Явленка ауылына қарай бет алған.

Белгісіз себептермен ол жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 37 жастағы ер адам басқарған Shacman жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көлік пен жүк көлігінің кабинасы бірден өртене бастады.

Өрт салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Олардың денесі толық жанып кеткен. Ал жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл жарақат алып, ауруханаға жатудан бас тартты. Оның кеуде тұсы соғылғаны анықталды.

«Shacman жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиға салдарынан Toyota жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

СҚО-дағы жол апатында жеңіл көлік ішіндегі екі адам тірідей жанып кетті · Todayinfo