Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Степногорда әр мемқызметшіге еш себепсіз 1 млн теңгеден сыйақы берілген

Степногор қаласының прокуратурасы мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеу фактісін анықтады. Мемлекеттік мекеме 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрі бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйақы бергені аны

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Степногорда әр мемқызметшіге еш себепсіз 1 млн теңгеден сыйақы берілген
Степногор қаласының прокуратурасы мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеу фактісін анықтады.

Мемлекеттік мекеме 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрі бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйақы бергені анықталды. Мысалы, тек 3 айдың ішінде мекеме 6,6 млн теңге сомасына 6 қызметкерге негізсіз сыйақы берген. Әр қызметкердің сыйақы мөлшері 1 млн теңгеден асады.

Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді. Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақшаны қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр.

 

Похожие материалы

Степногорда әр мемқызметшіге еш себепсіз 1 млн теңгеден сыйақы берілген · Todayinfo