Степногорск қаласында көпбалалы аналарды қолдау және олардың қоғамдағы рөлін дәріптеу мақсатында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №1119 Жарлығына сәйкес, алты бала туып, тәрбиелеген аналарға мемлекеттік наградалар табысталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, Абетова Меруерт Мухамедадильевна мен Бердибаева Багилаш Сарсенбаевна «Күміс алқа» алқасымен марапатталды. Бұл марапат – аналардың бала тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіне, отбасы құндылықтарын нығайтуға қосқан үлесіне берілген жоғары баға.
Салтанатты жиын барысында марапат иелеріне ізгі тілектер айтылып, олардың отбасыларына амандық пен бақ-береке тілінді. Көпбалалы аналарды қолдау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осындай марапаттар арқылы аналардың қоғамдағы мәртебесін арттыру, ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегін насихаттау көзделеді.
Ана – отбасының тірегі, ұлттың ұйытқысы. Ұрпақ тәрбиесіне адал еңбек сіңіріп жүрген аналарға құрмет көрсету – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Анаға деген құрмет – мәңгілік құндылық!




