Студенттер жол-құрылыс материалдарымен танысты
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы облыстық филиалында ашық есік күні ұйымдастырылып, оған Сәтбаев университетінің студенттері қатысты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Іс-шара барысында жастар жол-құрылыс саласына арналған зертханалық жұмы

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы облыстық филиалында ашық есік күні ұйымдастырылып, оған Сәтбаев университетінің студенттері қатысты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Іс-шара барысында жастар жол-құрылыс саласына арналған зертханалық жұмыстармен танысып, заманауи құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін көрді. Кездесуді материалдар инженері Бекежан Жәнібек жүргізіп, қатысушыларға инертті материалдар мен битум қоспаларына жасалатын сынақтар туралы кеңінен түсіндірді.
Студенттер бірнеше зертхана кабинеттерін аралап, жолдан алынған керн үлгілерін зерттеу процесіне куә болды. Сонымен қатар елімізде сирек қолданылатын жол жабындысының калибрленуін анықтайтын «колееобразование» қондырғысының жұмыс принципі таныстырылды.
Айта кетейік, орталықтың зертханасы қазіргі талапқа сай техникалармен жабдықталған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да осындай іс-шаралар өткізіліп, білім беру мекемелері мен өндіріс орындары арасындағы байланыс нығая бермек.
Похожие материалы

Новости
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Новости
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·