Су сүзгісін орнатуға келгендер пәтерден 100 млн теңгені қолды қылған
[ad_1] Су сүзгісін орнатуға келгендер пәтер иесінің 100 млн теңгесін қолды қылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 2023 жылғы маусымда 2 жігіт Петропавлдағы пәтерлердің біріне барып, егде жастағы әйелге суға арналған «Аквафор» сүзгісі құрылғысын тиімді жеңілдікпен орнатуды ұсынғ

[ad_1]
Су сүзгісін орнатуға келгендер пәтер иесінің 100 млн теңгесін қолды қылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2023 жылғы маусымда 2 жігіт Петропавлдағы пәтерлердің біріне барып, егде жастағы әйелге суға арналған «Аквафор» сүзгісі құрылғысын тиімді жеңілдікпен орнатуды ұсынған. Әйел оларды еш күмәнсіз үйге кіргізген. Жас жігіттер уәде еткен жұмысты орындап, еш күдік тудырмаған. Әжей көрші бөлмеден ақша алып шығып, орнатқан құрылғы үшін төлем жасайды. Осы сәтте жігіттердің бірі ақша жасырылған жерді байқап қалады. Алаяқтардың біреуі әжейді сөзге айналдырып, екіншісі көрші бөлмеден 100 млн теңгені қолды қылған.
Ақшаның ұрланғаны бірнеше күн өткеннен кейін белгілі болды. Құрамында Петропавл қаласының ПБ ЖКБ аға криминалисі Ербол Мусин бар полиция қызметкерлері оқиға орнына барған бойда қылмыстың мән-жайын нақтылай бастады. Криминалист пәтерді мұқият қарап шығып, алаяқтар қалдырған сүзгі құрылғысының қорабынан іздерді тапты. Іздер бойынша қылмыскерлердің жеке басы да анықталды. Олар Қостанай облысының тумасы болып шықты және біреуінің Петропавл қаласында тұрақты тұратыны анықталды.
Криминалистің кәсіби іс-қимылы негізінде қылмыс қысқа мерзімде ашылды. Қаскөйлер ұсталып, ақшалай қаражаттың бір бөлігі әжейге қайтарылды.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·