Су тасқыны: өңірлердегі ахуал қандай
[ad_1] Коллаж: ulysmedia.kz. Азаматтық қорғау қызметтері Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Батыс Қазақстан облысы ТЖМ хабарлауынш

[ad_1]
Коллаж: ulysmedia.kz.
Азаматтық қорғау қызметтері Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Батыс Қазақстан облысы
ТЖМ хабарлауынша, өңірде жағдай тұрақталған. Су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізу жалғасқан. Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеуде.
Көмекке келген Ақтөбе, Түркістан облыстары төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамынан құрылған жиынтық топтардың күштері мен құралдары Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына жіберілді.
Атырау облысы
Жайық өзенінің мониторингі жалғасып жатыр. Судың деңгейі көтерілгені байқалады. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 240 км қорғаныс бөгеттерін нығайту жүргізілді. Бұған дейін көмекке келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, қажетті жұмыстарды атқаруда.
Жалпы есеп
Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 35 122 адам өз үйлеріне оралды. 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылған.
[ad_2]
Дереккөз: ulysmedia.kz
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·