Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Сурдлимпиадада рекорд орнатқан спортшыға ШҚО әкімі үш бөлмелі пәтер сыйлады

Токиода өткен Сурдлимпиада ойындарында рекорд жаңартып, алтын медаль алған жеңіл атлет Фаина Мейірмановаға ШҚО әкімі пәтер сыйлады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Сурдлимпиадада рекорд орнатқан спортшыға ШҚО әкімі үш бөлмелі пәтер сыйлады

ХХV Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Фаина Мейірмановаға спорттағы жетістіктері үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімі үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың қарашасында Токиода өткен жазғы Сурдлимпиада ойындарында шығысқазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан биіктікке секіруде 1,79 метр нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алған еді. Бұл көрсеткіш – жарыстың жаңа рекорды. Айта кетейік, Сурдлимпиада – есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ең ірі халықаралық жарыс.

Фаина Мейірманова соңғы екі жылда халықаралық аренада тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. 2024 жылы Тайбэйде өткен сурдо-жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында топ жарса, Куала-Лумпурдегі Азия-Тынық мұхиты ойындарында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ ол – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов спортшыны жеке қабылдап, пәтер кілтін табыстау кезінде оның еңбегін ерекше атап өтті.

"Спортшымыздың жеңісі еліміздің халықаралық беделін нығайтып, қайсарлық пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр", - деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде Фаина бұл сыйлық еңбегіне берілген лайықты баға екенін айтып, қолдау білдірген бапкері Богдан Весельскийге және барша жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Сурдлимпиадада рекорд орнатқан спортшыға ШҚО әкімі үш бөлмелі пәтер сыйлады · Todayinfo