Сырғанақты бұзамын деп жұмысшы қаза тапты
Фото: "Наша газета" Қостанай облысының Қамысты ауданында аудан әкімдігі маңындағы алаңда жаңа жылдық сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы "Наша газета"-ға сілтеме жасап. Ақпараты бойынша, биіктігі шамамен

Фото: "Наша газета"
Қостанай облысының Қамысты ауданында аудан әкімдігі маңындағы алаңда жаңа жылдық сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы "Наша газета"-ға сілтеме жасап.
Ақпараты бойынша, биіктігі шамамен 4,5 метр болатын сырғанақ 13 ақпанда бұзылған. Ағаш құрылымдарды бөлшектеу кезінде жұмысшы биіктіктен құлап, сол күні түнде аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.
Оқиға фактісін орталық аудандық аурухана да растады.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·