Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тәжікстан ОСК төрағасы: «Азаматтар өз еркімен, ешбір қысымсыз таңдау жасап жатыр»

Халықаралық байқаушы ретінде қатысқан Тәжікстан ОСК төрағасы Бахтиёр Худоёрзода Қазақстандағы референдум жоғары деңгейде өткенін айтты.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Тәжікстан ОСК төрағасы: «Азаматтар өз еркімен, ешбір қысымсыз таңдау жасап жатыр»

Тәжікстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода Қазақстанда өткен республикалық референдумның ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Халықаралық байқаушы ретінде қатысқан Бахтиёр Худоёрзода Қазақстанға ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Парламентаралық ассамблея және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы миссияларының құрамында келгенін жеткізді.

"Біз Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен референдумға дайындық пен оны өткізу барысын бақылау үшін келдік. Нұр-Сұлтан қаласында болған кезде дайындық жұмыстарымен таныстық, бүгін тікелей дауыс беру процесін бақыладық", - деді ол.

Тәжікстандық байқаушының пікірінше, референдумды өткізу үшін ауқымды әрі жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, учаскелік және аумақтық комиссиялардың мүшелері референдумның барлық кезеңдері бойынша арнайы оқудан өткен.

"Бұл Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы саяси науқанды өте жоғары деңгейде ұйымдастырғанын көрсетеді. Дауыс беру құқығы бар азаматтар өз еркімен, ешбір қысымсыз учаскелерге келіп, таңдауын жасап жатыр. Бұл – референдум кезінде азаматтардың еркін таңдау және ашықтық қағидаттарының толық сақталғанының дәлелі", - деп атап өтті ол.

Сөз соңында Бахтиёр Худоёрзода Қазақстан халқына бейбітшілік, бірлік және тұрақты даму тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Тәжікстан ОСК төрағасы: «Азаматтар өз еркімен, ешбір қысымсыз таңдау жасап жатыр» · Todayinfo