Талғарда Шерзат Полаттың өліміне қатысты шудан кейін жаңа прокурор тағайындалды
Талғар қаласының прокуроры болып Ерлан Тағаев тағайындалды. 30 қазанда Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Дамир Катаев Талғар ауданының прокурорын таныстырды. Бұған дейін Талғар ауданының прокуроры қызметін Ескендір Бекманов атқарған. Ерлан Тағаев осыған дейін Алматы о

Талғар қаласының прокуроры болып Ерлан Тағаев тағайындалды. 30 қазанда Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Дамир Катаев Талғар ауданының прокурорын таныстырды. Бұған дейін Талғар ауданының прокуроры қызметін Ескендір Бекманов атқарған.
Ерлан Тағаев осыған дейін Алматы облысының, кейін Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының прокуратурасында қызмет етті.
Тағаев Талғар ауданының прокуроры болып тағайындалғанға дейін Курчатов қаласының прокуроры қызметін атқарған, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор қызметін атқарған, сондай-ақ Күршім, Аягөз, Абай, Жаңасемей, аудандарында прокурор болған.
Айта кетейік, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырған.
Бұған дейін Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылған еді. Шерзаттың ата-анасы әкімдік пен аудандағы құзырлы орган басшыларының қызметінен кетуін талап етті. Осыдан соң Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы, Талғар ауданының әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·