«Таңбалы» қорық-музейінде сирек кездесетін тиын табылды
«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедициясы Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Елімізде алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Түркі-соғды ерте ортағасырлық

«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедициясы Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Елімізде алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласын зерттеумен айналысатын мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады.
Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізілуде.
Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Дереккөз: Халық үні
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·