Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тараздағы 12 баланың улануы: кәсіпкерге айыппұл салынды

Сот шешімімен Тараз қаласында 12 баланың тағамнан улануына қатысты іс бойынша «К.» жеке кәсіпкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты хабарлады. Сот қаулысымен кәсіпкер Қазақстан Республик

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
Тараздағы 12 баланың улануы: кәсіпкерге айыппұл салынды

Сот шешімімен Тараз қаласында 12 баланың тағамнан улануына қатысты іс бойынша «К.» жеке кәсіпкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты хабарлады.

Сот қаулысымен кәсіпкер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, айыппұл мөлшері 30 пайызға қысқартылып, 1,2 млн теңгеден астам сома тағайындалды. Сот тоғыз қызметкердің жалақысыз қалу қаупін ескере отырып, қызметті тоқтата тұру түріндегі қосымша жазаны қолданбады. Қаулы заңды күшіне енді.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қараша айында Байзақ ауданындағы дүкеннен сатып алынған тағам өнімдерін тұтынғаннан кейін 12 оқушы медициналық мекемеге улану белгілерімен жеткізілген. Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тағам өнімдерінің сынамаларынан ішек таяқшалары тобына жататын бактерияларды анықтаған. Бұл өнімдерді дайындау кезінде санитарлық нормалардың бұзылғанын көрсетеді.

Кәсіпкер сот отырысында кінәсін ішінара мойындап, дүкенге тәулігіне шектеулі көлемде ғана өнім жеткізілетінін алға тартып, бір мезетте 12 баланың улануы мүмкін емес екенін мәлімдеген.

Фото: iStockphoto 

Похожие материалы

Тараздағы 12 баланың улануы: кәсіпкерге айыппұл салынды · Todayinfo