Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Kaspi.kz Таяу Шығыс елдерінде жүрген клиенттерге қолдау көрсетеді

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты рейсі тоқтатылған клиенттерге Kaspi Bank қаржылай көмек береді. Әр ересек адамға 35 мың теңге төленеді.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Kaspi.kz Таяу Шығыс елдерінде жүрген клиенттерге қолдау көрсетеді
Kaspi.kz Kaspi Travel арқылы тур немесе барып қайтуға ұшақ билетін сатып алып, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе сол жерде транзиттік жолаушы ретінде қалып қойған клиенттерге материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Сол өңірде мәжбүрлі түрде болған кезеңде Kaspi Gold-қа күн сайын материалдық көмек аударылады: * әр ересек адамға – тәулігіне 35 000 ₸ * әр балаға тәулігіне – 15 000 ₸. Kaspi.kz тұрақты байланыста болып, өз клиенттеріне қолдау көрсету үшін барлық қажетті шараны қолданады. Қауіпсіз жерлерде қалып, Республиканың елшіліктерімен және консулдықтарымен байланыста болуларыңызды сұраймыз. Фото: Kaspi

Похожие материалы

Kaspi.kz Таяу Шығыс елдерінде жүрген клиенттерге қолдау көрсетеді · Todayinfo