«Таза Қазақстан»: Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті
Бүгін Түркістанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі

Бүгін Түркістанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.
Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері белсенді қатысып, жалпы саны 800-ге жуық адам қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар сенбілікке 15 арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік барысында Отырар тұрғын алқабына қарасты көшелерде шөптер шабылып, аяқ жолдар сыпырылып, қоқыстар жиналды. Нәтижесінде 40 тоннаға жуық тұрмыстық және табиғи қоқыс қалдықтары шығарылды.
Сонымен қатар қала аумағында экологиялық тұрғыдан маңызды деп танылған 18 белгіленген аумақта тазалық қызметкерлері тарапынан сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Похожие материалы

г. Туркестан
В Туркестане завершился отборочный этап шахматного кубка «Senat Open»
Todayinfo редакциясы·

г. Туркестан
«Таза Қазақстан» – болашаққа бастар жарқын қадам!
Todayinfo редакциясы·

г. Туркестан
Түркістанда «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Қарашық өзенінің бойы тазаланды
Айғаным Нариманова·

г. Туркестан
Түркістан қаласында «Гүлдер патшайымы» референдумға қатысты
Мейіржан Әуелханұлы·