«Таза қазақстан»: Жетісайда 500-ге жуық адам тазалық акциясына қатысты
Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясы аясында бүгін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде аудандық сенбілік өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған шараға аудандағы барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлер

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясы аясында бүгін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде аудандық сенбілік өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған шараға аудандағы барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлері мен жергілікті депутаттар, округ тұрғындары қатысты.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан бөлінген секторларда қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, шөптер шабылды. Арық-атыздар тазаланып, қураған ағаштар қырқылды.
Айта кетейік, аудан әкімінің тапсырмасымен өткен тазалық жұмыстарына 500-ге тарта жетісайлық пен 10 техника жұмылдырылып, 30 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Похожие материалы

Новости
Қабірге қонған қария: мерт болған ұлын жоқтаған әке зиратты "үйге" айналдырды
Айдар Керім·

Новости
Семейдегі аспалы көпірден жас жігіт құлап кетті
Жаннұр Еділбаева·

Новости
АҚШ- та қазақстандық жігіт із-түзсіз жоғалып кетті
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Нарынқолдан шыққан 500 ғалыммен байланыс орнатамыз – Дастан Құдабаев
Жаннұр Еділбаева·