Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Тізіп қойып ату керек»: депутат Самат Нұртазаның халыққа қарсы тағы бір ауыр жазбасы тарады

Өзінің ана тілін кемсіткені үшін қоғам тарапынан ауыр сынға ұшыраған депутат Самат Нұртазаның тағы бір сұмдық жазбасы тарады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты қазір таза пропагандамен көзге түсіп жүр. Онысын өзі де жиі жариялап, жасырмайды. Алайда депутаттың тағы бір сорақы жаз

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
«Тізіп қойып ату керек»: депутат Самат Нұртазаның халыққа қарсы тағы бір ауыр жазбасы тарады

Өзінің ана тілін кемсіткені үшін қоғам тарапынан ауыр сынға ұшыраған депутат Самат Нұртазаның тағы бір сұмдық жазбасы тарады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты қазір таза пропагандамен көзге түсіп жүр. Онысын өзі де жиі жариялап, жасырмайды. Алайда депутаттың тағы бір сорақы жазбасын, ұстанымын ел тауып алды, деп жазады Todayinfo.

Туған тілін, өзін мансапқа жеткізген ана тілін «сіңірлердің, кедейлердің тілі» деп кемсіткен еді ол. Ауыр жазбасы үшін депутат кешірім сұраған болатын. Оның осы жолы тарап жатқан жазбасы әскерилер туралы болды.

«Әскерді периметрмен тізіп қойып, бұйрыққа бағынбағандарын ату керек, 4–5 рет атқан соң тынышталады», — деп жазған депутат.

Оның бұл сөзін адамдар тым ұят, артық кету деп бағалап, сабырға шақырған. Алайда Самат Нұртаза билік қолына тисе, аямайтынын ашық айтқан. Халықты қорқытып ұстау керек деген тұжырымда.

«Біздің халық қорыққанын сыйлайды. Біріншіден, мен билікте емеспін, екіншіден, билік болса, көре жатарсыңдар», — деген ол.

Алдыңғы жазбасы үшін кешірім сұраған депутат мына соңғы пікірлері үшін әлі үнсіз.

Фото: parlam.kz

Похожие материалы

«Тізіп қойып ату керек»: депутат Самат Нұртазаның халыққа қарсы тағы бір ауыр жазбасы тарады · Todayinfo