Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылық құрамы өзгерді
Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ернұр Өтегенов ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. Ернұр Өтегенов 1978 жылғы 23 маусымда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Талдыапан ауылында туған. 1998 жылы ІІМ Алматы жоға

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ернұр Өтегенов ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Ернұр Өтегенов 1978 жылғы 23 маусымда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Талдыапан ауылында туған.
1998 жылы ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесін, 2001 жылы «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша Көкшетау техникалық институтын, 2016 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Казталов ауданы №15 өрт сөндіру бөлімінде өрт профилактикасы тобының инспекторы лауазымынан бастаған.
2002-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасында әртүрлі қызметтер атқарған.
2011-2012 жылдар аралығында Ақтөбе облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, 2012-2019 жылдары Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары болған.
2019-2021 жылдары Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған.
2021 жылдың мамыр айынан бастап Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментін басқарды.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·