Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тоқаев ашығын айтты: Алматы әлемдегі ең лас қалалардың біріне айналып кетті

Президент Тоқаев Алматының экологиялық жағдайы өте күрделі екенін айтты. Қала әлемдегі ауасы ең лас мегаполистердің біріне айналған.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Тоқаев ашығын айтты: Алматы әлемдегі ең лас қалалардың біріне айналып кетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесуде Алматы қаласындағы экологиялық ахуалдың аса күрделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның оңтүстік астанасының әлемдегі ауасы ең лас қалалардың қатарына енгенін ашық мойындап, бұл мәселені шешу үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

"Алматыдағы жағдай өте күрделі. Өкінішке қарай, қаламыз әлемдегі ауасы ең лас мегаполистердің біріне айналды. Бұл мәселені көршілес елдермен бірлесіп, жедел түрде шешуіміз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты Президент екі елдің күшін біріктіріп, «Таза ауа» атты бірлескен бастаманы іске асыруды ұсынды. Бұл шара аясында экологиялық талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту және ауаны ластайтын негізгі көздерге қатаң бақылау орнату көзделген.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Тоқаев ашығын айтты: Алматы әлемдегі ең лас қалалардың біріне айналып кетті · Todayinfo