Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтап, ұлттық бірлік пен конфессияаралық келісімнің маңызын атап өтті.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтап, бұл күннің махаббат пен рухани жаңаруды білдіретінін атап өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы өзінің құттықтау сөзінде Пасха мейрамының христиан күнтізбесіндегі орны ерекше екенін жеткізді.

«Құрметті православ азаматтары! Сіздерді Христостың нұрлы қайта тірілуі – Пасха мерекесімен құттықтаймын. Бұл айтулы күн христиан күнтізбесінде ерекше орын алады және махаббатты, үмітті, рухани жаңаруды білдіреді. Пасха мейрамы мен оның алдындағы ораза сенушілердің санасына жанашырлық, мейірімділік, тату көршілік пен өзара көмек сияқты ізгі қасиеттерді сіңіреді», - деді президент.

Оның айтуынша, православие еліміздегі әділдік, татулық, төзімділік пен сенім қағидаттарының орнығуына зор үлес қосып келеді. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан Пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтап, үлкенге құрмет пен жақынға қамқорлық көрсетуге баулиды.

«Еліміздің даму негізі – ұлттық бірлік пен конфессияаралық келісім, дәстүрлі құндылықтар мен жан-жақты жаңғырудың үйлесімділігі. Референдумда қабылданған Халықтық Конституция халқымыздың тыныштық пен тұрақтылық, заң мен тәртіп үстемдік құрған, білім мен инновацияға, табиғатты аялау мен тазалыққа негізделген озық елде өмір сүріп, еңбек етуге деген ұмтылысының айқын көрінісі болды. Ортақ Отанымыздың болашағына деген жауапкершілік бізге кез келген сын-қатерді еңсеріп, алға қойған мақсаттарға жетуге көмектесетініне сенімдімін. Осы тамаша мереке әр үйге қуаныш пен береке әкелсін! Барша отандастастарыма зор денсаулық, бақыт және игі бастамаларына сәттілік тілеймін!», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады · Todayinfo