Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тоқаев Харристі қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IASA) президенті Памела Харристі қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Кездесу барысында құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы заң үстемдігінің маңыздылығы мен сот жүйесін реформалау мәселелері

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Тоқаев Харристі қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IASA) президенті Памела Харристі қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Кездесу барысында құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы заң үстемдігінің маңыздылығы мен сот жүйесін реформалау мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыруға бағытталған маңызды реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Біз заң үстемдігінің қоғамда берік орнығуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл – Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының басты шарты. Сондықтан халықаралық қауымдастық еліміздің сот жүйесімен тығыз әріптестік орнатуы қажет», – деді Президент.
Өз кезегінде Памела Харрис сот әкімшілігі мен Жоғарғы соттың функцияларын бөлу – халықаралық тәжірибеде тиімді шешімдердің бірі екенін атап өтті. Кездесу барысында сот органдары арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейту, сот өндірісінде цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні қолдану перспективалары талқыланды.

Похожие материалы

Тоқаев Харристі қабылдады · Todayinfo