Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс»: Тоқаев Трамп құрған кеңестің алғашқы отырысында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің отырысында сөйлеп, АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасын жоғары бағалады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
«Бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс»: Тоқаев Трамп құрған кеңестің алғашқы отырысында сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйлеп, жаһандық бейбітшілікке қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Мемлекет басшысы алдымен осы тарихи жиынды ұйымдастырғаны үшін Дональд Трампқа алғысын жеткізді. Оның айтуынша, бұл кездесу жай ғана қарар қабылдайтын конференция емес, нақты іс-әрекеттер арқылы бейбітшілік орнатуға бағытталған маңызды қадам.
"Президент мырза, Сіздің жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуді көздейтін айқын мұратыңыз бен көреген қадамдарыңыз еліміздің Бейбітшілік кеңесіне қосылуына түрткі болды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент бұл кеңесті заман талабына сай, көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын бірегей ұйым деп атады. Ол Трамптың «нақты іс-әрекет қана бейбітшілікке берік негіз қалайды» деген ұстанымын толық қолдайтынын жеткізді.
"Әлемде мұндай бастама көтерілген жоқ. Расында, бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс. Өйткені бірге күш-жігер жұмылдырудың арқасында «Жасампаздық арқылы бейбітшілік» атты жаңашыл тұжырымдаманы іске асыруға барлық мүмкіндік бар", – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

«Бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс»: Тоқаев Трамп құрған кеңестің алғашқы отырысында сөз сөйледі · Todayinfo