Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тоқаев Трампқа жеделхат жолдады: «Артемида-2» ғарыш тарихындағы жаңа кезең

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Тоқаев Трампқа жеделхат жолдады: «Артемида-2» ғарыш тарихындағы жаңа кезең

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты адамзат үшін тарихи маңызы зор «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтады. Бұл – жарты ғасырлық үзілістен кейін Айға жасалған алғашқы адам сапары, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында бұл миссияның ғарышты зерттеуде жаңа дәуірді бастағанын атап өтті. Араға 50 жыл салып Айға қайта оралу бүкіл әлем үшін үлкен маңызға ие екеніне тоқталды.

Президент Тоқаев сондай-ақ америкалық ғылымның жетістіктеріне ерекше назар аударды. Ол мұндай ғылыми жаңалықтардың адамзаттың білім көкжиегін кеңейтіп, бүкіл әлемдегі ғалымдарға шабыт беретінін жеткізді.

Құттықтау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа «Артемида» бағдарламасын одан әрі дамытуға және өзге де ғарыштық жобаларды іске асыруда толағай табыс тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Тоқаев Трампқа жеделхат жолдады: «Артемида-2» ғарыш тарихындағы жаңа кезең · Todayinfo