Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге
Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды
Todayinfo.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, Президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды", – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына.
Дерекке қарағанда, Парламент палаталарының төрағалары да қабылданып жатқан іс-қимылдан хабардар етілген.
"Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын", – деп толықтырды Берік Уәли.