Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Трамп Иранға шабуылды тоқтатты: Тараптар жасырын келіссөз жүргізгені белгілі болды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздердің сәтті өткенін айтып, елдің энергетикалық нысандарына соққы беруді 5 күнге тоқтатты.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Трамп Иранға шабуылды тоқтатты: Тараптар жасырын келіссөз жүргізгені белгілі болды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арада "өте жақсы және нәтижелі келіссөздер" өткенін мәлімдеп, Таяу Шығыстағы әскери шабуылдарды бес күнге тоқтата тұруға бұйрық берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ақ үй басшысы бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, соңғы екі күнде АҚШ пен Иран Таяу Шығыстағы әскери әрекеттерді "толық әрі жан-жақты реттеу" бойынша маңызды талқылаулар жүргізген.

"Біз соңғы екі күнде Иранмен өте жақсы және нәтижелі келіссөздер өткіздік", - деп атап өтті Трамп.

Осы келіссөздердің нәтижесінде АҚШ президенті Иранның электр станциялары мен басқа да энергетикалық инфрақұрылымына жасалуы мүмкін кез келген әскери соққыны уақытша тоқтатуға шешім қабылдаған. Бұл шектеу алдағы бес күн бойы күшінде болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Трамп Иранға шабуылды тоқтатты: Тараптар жасырын келіссөз жүргізгені белгілі болды · Todayinfo