Трамп Зеленскиймен кездесіп, Путинмен сөйлесетінін айтты
Фото: AP Photo / Evan Vucci АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлеспек Бұл туралы ол 7 ақпан күні Вашингтонда өткен баспасөз жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақ

Фото: AP Photo / Evan Vucci
АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлеспек Бұл туралы ол 7 ақпан күні Вашингтонда өткен баспасөз жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Трамп бұл жоспарын одан әрі нақтыламады. Бар болғаны Украинаға бармайтынын айтты. Зеленский Вашингтонға барады деген хабар шыққан жоқ. Киев те, Мәскеу де бұл жөнінде пікір білдірмеді.
7 ақпандағы баспасөз жиыны Трамптың Жапония премьер-министрі Сигэру Исибамен кездесуіне арналған. Исиба – АҚШ-тың 47-президенті қызметіне кіріскелі Вашингтонға ресми сапармен барған екінші шетелдік лидер. Бұған Ақ үй Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды қонақ еткен.
Украинадағы соғыс туралы пікір білдірген Трамп оны "адам көзімен қарасаң, өте қорқынышты" деп бағалады. Ол соғыс кезіндегі екі жақ шығынына тоқталып, Ресейдің 800 не 900 мың әскері қаза болды не ауыр жарақат алды, ал Украинада бұл көрсеткіш 700 мың шамасында деді. Трамп келтірген бұл деректер өзге тараптардың дерегінен әлдеқайда асып түседі.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·