Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Түркістан облысы Көрісу күнін жаңаша тойлады: аймақ жаппай челленджге қатысты

Түркістан облысында 14 наурыз – Көрісу күні ерекше челлендж форматында өтті. Шараның мақсаты – ұмыт бола бастаған дәстүрді жаңғырту.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Түркістан облысы Көрісу күнін жаңаша тойлады: аймақ жаппай челленджге қатысты

Түркістан облысында 14 наурыз – Көрісу күніне орай барлық аудан мен қалада ерекше челлендж ұйымдастырылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл бастаманың басты мақсаты – көнеден келе жатқан Көрісу дәстүрін жаңғыртып, жас ұрпақтың санасына сіңіру. Шара барысында жасы үлкен қариялар мен ақ жаулықты әжелер төс қағыстырып, бір-біріне ізгі тілектерін арнап, ақ баталарын берді.

Бұл шара биыл алғаш рет бекітілген "Наурызнама" онкүндігі аясында өтіп жатыр. Оған сәйкес, Ұлыстың ұлы күніне дейінгі әрбір күн белгілі бір тақырыпқа арналып, тиісті іс-шаралармен жалғасады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Түркістан облысы Көрісу күнін жаңаша тойлады: аймақ жаппай челленджге қатысты · Todayinfo