Todayinfo.kz
РегионыСмотреть все материалы

Түркістан облысында 14 жылқыны ұрлаған барымташылар ұсталды

Түркістан облысының Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қызметіне тосқауыл қойды. Жедел уәкілдер 3 күдіктіні, яғни Түркістан және Қызылорда облыстарының тұрғындарын ұст

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Түркістан облысында 14 жылқыны ұрлаған барымташылар ұсталды
Түркістан облысының Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қызметіне тосқауыл қойды.
Жедел уәкілдер 3 күдіктіні, яғни Түркістан және Қызылорда облыстарының тұрғындарын ұстады, олардың бірі — малдарды сатып алушы. Мал ұрлаушылардың Бәйдібек ауданында орналасқан жайылымнан 14 жылқыны жымқырғаны анықталды. Жалпы шығын 4 млн теңгеден асты. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ұрланған жылқыларды, ГАЗель автокөлігін және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Сондай-ақ олардың Қызылорда облысының аумағында басқа да 2 мал ұрлығына қатысы бар екені белгілі болды.
«Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр», — деп жазды Polisia.kz.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=-X_d4a_Dql4[/embed]  

Похожие материалы

Түркістан облысында 14 жылқыны ұрлаған барымташылар ұсталды · Todayinfo