Түркістан облысында радикалды діни идеяларды жақтаушы ұсталды
Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан азаматтары арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін жә

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан азаматтары арасында, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан радикалды діни идеяларды жақтаушы – таяу шетел азаматы ұсталған.
ІІМ мәліметінше, күдіктіні жеке тінту кезінде жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер болатын материалдары бар 2 ұялы телефонды тәркілеген. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Похожие материалы

Новости
Чего ждать от решения Нацбанка 5 июня – мнения экспертов
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·