Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Түркістан облысында жаппай төбелескен жастар бірін-бірі ағашпен аяусыз ұрып-соқты

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жаппай төбелескен жастарды көруге болады. Қолындағы ағашпен бірін бірі аяусыз соғып, басынан ұрған сәттері бейнекадрға анық түсіп қалған. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Мақтарал ауданында болғандығын мәлімдеді

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Түркістан облысында жаппай төбелескен жастар бірін-бірі ағашпен аяусыз ұрып-соқты
Әлеуметтік желіде тараған видеодан жаппай төбелескен жастарды көруге болады. Қолындағы ағашпен бірін бірі аяусыз соғып, басынан ұрған сәттері бейнекадрға анық түсіп қалған.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Мақтарал ауданында болғандығын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары жастардың бұзақылық әрекеттерін тоқтатқан. Қазір күдіктілер ұсталып, барлық мәнжай анықталуда. Қылмыстық істе қозғалды.

Ал, желіде жарияланған видеоға пікір жазушылар жастарды кінәлап, жазалануы керектігін жеткізіп жатыр.

Олардың ішінде «Бәрін әскери қызметке құрту керек, есіргендердің», «Су тасып тұрған жаққа жіберу керек», «Бірін бірі қырып болды-ау», «Не жетпейді осыларға?», «Қарны тоқтық аздырар адам баласын» - деген жазбаларда бар.

 

Похожие материалы

Түркістан облысында жаппай төбелескен жастар бірін-бірі ағашпен аяусыз ұрып-соқты · Todayinfo