Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Түркістандық құрама чемпион атанды

Түркі елінің рухани астанасы атанған Түркістанда 2010, 2012, 2013 жылы туған жасөспірімдер арасында «Turkistan Cup – 2024» республикалық турнирі өтті, - деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Тартысты өткен сайысқа еліміздің ірі қалалары мен облыстарынан келген жасөспірім

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Түркістандық құрама чемпион атанды
Түркі елінің рухани астанасы атанған Түркістанда 2010, 2012, 2013 жылы туған жасөспірімдер арасында «Turkistan Cup – 2024» республикалық турнирі өтті, - деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Тартысты өткен сайысқа еліміздің ірі қалалары мен облыстарынан келген жасөспірімдер Тұркістан төріне келді. Нақтырақ айтқанда Астана, Ақтау, Тараз, Қонаев, Түркістан, Кентау қалалары мен Алматы облысынан келген жалпы 16 құрама қатысты. Шараға Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысып, еліміздің әр өңірінен келген жас спортшыларға қолдау білдірді.
«Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі» дегенді жиі айтамыз. Ол да негізсіз емес. Өйткені спорт адамға сергектік сыйлап, денсаулығын жақсартып, өмірін ұзартады. Оған қоса салауатты өмір салтын қалыптастыруда таптырмас тәсіл. Біздің елімізде де спортқа көңіл бөліп, бұл саланы мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. Осы орайда Түркістан төрінде ұйымдастырылып отырған спорттық шараға қатысушыларға сәттілік тілеймін» - деді Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев.
Ойын нәтижесінде 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында «Түркістан командасына» чемпиондық кубок бұйырды. Сайыстың күміс жүлдесін «Қонаев командасы», ал жүлделі үшінші орынды «Каспий командасы» иеленді. 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы чемпиондық кубокты Түркістан қаласының «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» команданасы қанжығаға байласа, екінші орынды «Тұран-Түркістан командасы», жүлдеді үшінді орынды түркістандық БЖМОФМ мектебіне бұйырды. Үздік ойыншыларға арнайы дайындалған номинациялар табысталды. Айта кетейік, Түркістан облысының орталығы - Түркістан қаласында спорт саласы күннен-күнге қарқынды түрде дамып келеді. Түркістан қаласында заманауи үлгідегі жасанды төсенішімен ашық спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 7000 орындық «Turkistan-Arena» стадионы мен жабық бассейні бар спорт сарайы іске қосылған болатын.

Похожие материалы