Түркістан облысының Ленгер қаласында адам өліміне қатысты сұмдық оқиға болды,деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтемемен.

Қараусыз қалған ғимараттан жас жігіттің мәйіті табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның жасы 20-дан асқан. Оның денесі 24 мамыр күні шамамен сағат 14:00-де табылған. Мәйітті маңайда жүрген күзетші байқап, тиісті органдарға хабар берген.

Болжам бойынша, ер адам пышақ жарақатынан көз жұмған. Жантүршігерлік оқиға туралы хабар Ленгер тұрғындары арасында тез тарап кеткен.

Жергілікті халықты күдікті ретінде кәмелетке толмаған қыздың аталып жатқаны таңғалдырған. Белгілі болғандай, ол жуырда ғана 9-сыныпты аяқтаған. Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, жасөспірім Төле би ауданындағы №16 Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте білім алады.

Әзірге құқық қорғау органдары тарапынан нақты жауап берілмеді.