Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

ТЖД дабыл қақты: Түркістан облысында 6 адам газдан уланып, көз жұмған

Түркістан облысында қауіпті жағдай: жыл басынан бері 37 өрт тіркеліп, 160 млн теңге шығын келді. Газдан улану салдарынан 6 адам көз жұмды.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
ТЖД дабыл қақты: Түркістан облысында 6 адам газдан уланып, көз жұмған

Түркістан облысында жыл басынан бері 37 өрт тіркеліп, 160 миллион теңгеден астам шығын келген. Ал газбен улану салдарынан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының аға инженері Тамерлан Нұрланов мәлімдеді. Оның айтуынша, өрт оқиғаларының басым бөлігі тұрғын үйлер мен көліктерде болған.

"Жыл басынан бері газбен уланудың 3 жағдайы тіркеліп, 6 адам қайтыс болды, 1 адам жарақат алды. Мемлекеттік өрт бақылау саласында 51 708 нысан есепте тұр. Биыл осы нысандарға 31 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 105 тұлғаға әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 91 адамға ескерту жасалып, 32 адамға айыппұл салынды", - деді Тамерлан Нұрланов брифингте.

Сондай-ақ, өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары да пысықталып жатыр. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Асылбек Қырықбайдың сөзінше, қазіргі таңда облыстағы су қоймалары орта есеппен 71%-ға толған, ал өзендердегі су деңгейі қалыпты.

"Су тасқыны кезеңіне 1 064 маман, 124 техника, 11 жүзу құралы, 92 су сорғыш және 44 эвакуациялық техника дайын тұр. Бұдан бөлек, 45 мың қапшық пен 5 920 тонна инертті материал әзірленді. Төтенше жағдай туындағанда халықты ыстық тамақпен және қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлермен 109 меморандум жасалып, 432 тонна жанар-жағармай қоры дайындалды", - деді Асылбек Қырықбай.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

ТЖД дабыл қақты: Түркістан облысында 6 адам газдан уланып, көз жұмған · Todayinfo