Todayinfo.kz
ОбществоСмотреть все материалы

Үйді де өртеген: Қаскөй туған күнге келген төрт жасөспірімді өлтіріп, тағы төртеуін жарақаттады

Иркутск облысының Байкал қаласындағы «Таулы Байкал» бау-бақша серіктестігінде туған күнді атап өткен төрт жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo интернет порталы. Тергеу мәліметінше, жастар тобы жеке үйде жиналған кезде, белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасаған. Соның салд

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Үйді де өртеген: Қаскөй туған күнге келген төрт жасөспірімді өлтіріп, тағы төртеуін жарақаттады
Иркутск облысының Байкал қаласындағы «Таулы Байкал» бау-бақша серіктестігінде туған күнді атап өткен төрт жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo интернет порталы.

Тергеу мәліметінше, жастар тобы жеке үйде жиналған кезде, белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасаған. Соның салдарынан төрт жасөспірім оқиға орнында көз жұмып, тағы төртеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Күдікті шабуылдан кейін үйді өртеп жіберген. Өрттің кесірінен қарақшының өзі де қайтыс болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Екі және одан да көп адамды өлтіру, сондай-ақ екі және одан да көп адамды өлтіруге оқталу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Похожие материалы

Үйді де өртеген: Қаскөй туған күнге келген төрт жасөспірімді өлтіріп, тағы төртеуін жарақаттады · Todayinfo