Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Үлкен құдағилар тырысып қалған»: Димаштың қарындасына сырға тағуға келген құдалар елге ұнамай қалды

Әлеуметтік желілерде белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергенге сырға салу рәсімі өткен сәттің видеосы кеңінен тарап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo . Кадрларда Раушанның анасы, қазақстандық танымал әнші Светлана Айтбаева келген құдаларды жылы жүзбен қарсы а

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Үлкен құдағилар тырысып қалған»: Димаштың қарындасына сырға тағуға келген құдалар елге ұнамай қалды
Әлеуметтік желілерде белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергенге сырға салу рәсімі өткен сәттің видеосы кеңінен тарап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo. Кадрларда Раушанның анасы, қазақстандық танымал әнші Светлана Айтбаева келген құдаларды жылы жүзбен қарсы алып, амандасып жатқанын көруге болады. Қолдарына гүл ұстаған құдағи Светланамен құшақтасып, төрге бет алады. Видео соңында үйде отырған ақ жаулықты әжелер де көрінеді. Желі қолданушылары Раушанның тәрбиелі, текті ортадан шыққанын айтып, құдалар үшін бұл үлкен мәртебе екенін жазуда. Алайда кейбір пікір қалдырушылар құдағилардың салқын кейіп танытқанын айтып, таңданыстарын білдірген.
«Неге бәрі тырысып отыр?», «Текті жердің қызын алып жатырсыздар, қуаныңыздар!», «Құдағилардың түсі суықтау сияқты ма?», - деп жазған олар.
Раушан Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сырға салу рәсімінен үзінділерді бөлісті. Оның таңдаған азаматы – Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрының актері әрі әнші Ермахан Аймахан екені белгілі болды.

Похожие материалы

«Үлкен құдағилар тырысып қалған»: Димаштың қарындасына сырға тағуға келген құдалар елге ұнамай қалды · Todayinfo